Ұзындығы 20 метр «гармошка» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұзындығы 20 метр «гармошка»

444

Smiley face

Алматылықтардың өтініші бойынша №92 бағыт жаңартылып, халық арасында «гармошка» деп аталып кеткен ұзындығы 20 метр автобустармен толықты. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Түркісіб, Алмалы және Әуезов аудандары тұрғындарының көптеген өтініштеріне байланысты №92 маршрут 20 жаңа он екі метрлік автобустармен жаңартылды", - деп жазды баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, бағыт 100%-ға жаңартылады.

"Автобустар мемлекеттік тіркеуден өтті, Оңай жабдығы орнатылды және осы демалыс күндері маршрутқа шығады.

Барлық көліктің едені төмен, сыйымдылығы жоғары және қалалық жолаушылар тасымалы үшін арнайы әзірленген. Автобустар табиғи газбен жұмыс істейді, салқындатқыштармен және бейнебақылаумен жабдықталған. Сыйымдылығы — 104 адам, 22 отыратын орын бар және 3 орын мобильдігі төмен жолаушыларға арналған", - деді Әсет Мұқажанов.


Көзі: yunews.kz