Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

444

Smiley face

Атырау облысының денсаулық сақтау басшысы Мәншүк Аймұрзиева қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

"Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті. Облыс әкімдігі денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөледі, жыл сайын дәрігерлердің мұқтаждықтарына қажетті қаражат бөлінеді, қаржыландыру артуда, перзентханалардың, ауруханалар мен медициналық мекемелердің ағымдағы қажеттілігінің барлығы шешілуде. Денсаулық сақтау басқармасы барлық нормаларды талаптарға сәйкес келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Барлық кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қолданылады. Облыс әкімінің денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін орынбасары қатаң сөгіс алды",-деді баспасөз қызметінде.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қазан айының басында Атырау қаласының дәрігерлері тірі нәрестені тоңазыту камерасында қалдырғаны белгілі болды.

Кейіннен Атыраудың перинаталдық орталығының дәрігерлері Қазақстан Президентіне ашық хат жазды.

Ал 11 қазанда Атырау перинаталдық орталығы жартылай жабылғаны белгілі болды.

Бірнеше күннен кейін Атырау облысының әкімі перинаталдық орталық дәрігерлерінің ісі туралы айтты.


Көзі: yunews.kz