Қазақстанда тек бір ай ішінде 600 килограмнан астам қауіпті өнім сатылымнан алынды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда тек бір ай ішінде 600 килограмнан астам қауіпті өнім сатылымнан алынды

444

Smiley face

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2019 жылдың қыркүйегінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін мониторингтеу аясында сатып алумен 4803 азық-түлік өнімінің сынамасы қамтылған, оның ішінде 594 (12,37%) өнім техникалық регламенттердің талаптарына сай келмеген.

Негізгі сәйкессіздіктер таңбалау ережесінде, микробиологиялық және физикалық-химиялық көрсеткіштерде анықталған.

Азық-түлік өнімдерінің тауарлық топтарының атаулары бойынша келесі мал және өсімдік тектес тамақ өнімдерінде сәйкессіздік анықталды: балық өнімдері – 7,4 %, құс еті – 11,1 %, ет өнімдері – 14,4%, сүт өнімдері - 11,7 %, май өнімдері – 6,5 %, жеміс- көкөніс өнімдері – 4 %, кондитерлік өнімдер – 9 %, нан және нан-тоқаш өнімдері – 1,7 %, қапталған ауыз су, оның ішінде минералды су – 2 %, шырын өнімдері –1,7 %, алкогольдік өнімдер – 2,3 %, алкогольсіз сусындар - 4,8 %, арнайы азық-түлік өнімдері – 0,7 %, биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – 1,7% және өзге де тамақ өнімдері – 10,1%.

Негізгі бұзушылықтар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден жеткізілетін өнімдерде – 50,7%, басқа елдерден - 17% анықталған. Белгіленген талаптарға сай келмейтін отандық өндірушілердің өнімі 32,2% құрады.

Анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша 119 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, 25 сот қаулысы шығарылды, 12 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Сатудан 651 килограмм қауіпті өнім алынды, оның ішінде: май өнімдері – 55 кг, құс еті және құс өнімдері - 73 кг, сүт және сүт өнімдері - 53 кг, ет және ет өнімдері - 87 кг және балық және балық өнімдері – 10 кг.


Көзі: yunews.kz