Ұлттық банк автонесие бағдарламасына 20 миллиард теңге бөлді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұлттық банк автонесие бағдарламасына 20 миллиард теңге бөлді

444

Smiley face

Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылдың 31 мамырында автонесие беру бағдарламасы бекітілді, оған жыл сайын 5 жыл ішінде 20 млрд теңгеге дейін (2019 жылдан 2023 жылға дейін) бөлінетін болады.

Осы бағдарлама аясында ағымдағы жылы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) 20 млрд. теңге сомасында қаржыландыру алды. Алынған қаражат жеке тұлғаларға – отандық өндірістің жеңіл автокөліктерін сатып алушыларға кредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерге жіберілетін болады.

Қазақстандықтар бағдарлама аясында 15 млн теңгеден қымбат емес отандық өндірістің автокөліктерін сатып ала алады. Сыйақының номиналды мөлшерлемесі  жылдық 4%-дан аспайды, несиелеу мерзімі - 7 жылдан көп емес.

Осы шарттармен келесі өндірушілердің автомобильдерін (46 модельді) сатып алуға болады: "Азия Авто" АҚ және "СарыарқаАвтоПром" ЖШС. Бұл Kia, Chevrolet, Skoda, Hyundai, «LADA», «УАЗ», JAC, Peugeot, Ravon сияқты брендтер.

 "Айта кету маңызды, Ұлттық Банк бағдарламасы бойынша автонесие берудің жеңілдетілген шарттары да сақталды. Осылайша, номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 7,5% дейін), несиелеу мерзімі -7 жылдан көп емес. Отандық автокөліктердің құны 15 млн теңгеден аспауы тиіс", - деп хабарлайды Ұлттық банк.


Көзі: yunews.kz