Қазақстандық режиссердің қысқаметражды фильмі халықаралық кинофестивальде 2 жүлдеге ие болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық режиссердің қысқаметражды фильмі халықаралық кинофестивальде 2 жүлдеге ие болды

444

Smiley face

«Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінің ақапараты бойынша, режиссер Берік Жаханов түсірген «Асан» қысқаметражды фильмі Румынияда өткен халықаралық Short to the Point  кинофестивалінде  «Үздік ер адам рөлі» және «Үздік операторлық жұмыс» жүлделерімен мараптталды.

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген  «Асан» фильмі көп жылдар бойы көрмеген әкесін ақтық сапарға шығарып салу үшін жолға шыққан бозбала туралы баяндайды. Онда басты рөлді актер Азат Жұмаділ орындады, жобаның қоюшы-операторы Шерхан Таңсықбаев болды.

 «Асан» фильмі өткен жылы 71-ші Халықаралық Канн кинофестивалінің Short Film Corner аясында көрсетілген болатын. Сонымен қатар 2018 жылы картина бірнеше халықаралық кинофестивальдерге қатысып, көптеген жүлделерге ие болды, атап айтсақ, Республикалық «Байқоңыр» фестивалінде «Үздік актер» жүлдесімен, Бакуде өткен 9-шы Халықаралық Start film festival  кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесімен, «Үздік қысқаметражды фильм» номинациясы бойынша «Құлагер» жүлдесімен, Ташкентте өткен «Пролог» кинофестивалінде арнайы жүлдемен және Екатеринбург қаласында өткен XV Халықаралық «Кинопроба» киномектебі фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды.


Көзі: yunews.kz