Оралда оқушы қызды ұрламақ болған ер адам ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Оралда оқушы қызды ұрламақ болған ер адам ұсталды

444

Smiley face

Оқиға кешкі сағат алты шамасында Оралда болған. №44 мектептің 5-сынып оқушысы сабақ аяқталғаннан кейін үйіне бет алған. Қыз баланың үйі алыс  болмағандықтан, оны ешкім қарсы алмайды. Жолдан өтіп келе жатқан бала машинаны өткізу үшін тоқтайды.  Кенеттен бұл автокөлік тоқтап, одан ер адам шығып, қызды машинаға отырғызуға тырысты.

"Қыз қорқыныштан отыра қалып, жылап, айқайлай бастады. Бақытымызға орай, осы уақытта бір әйел ауыз су алу үшін дүңгіршекке бара жатқан. Ол ер адамға жүгіріп барып, оны қолындағы бос бес литрлік бөтелкелермен ұра бастады. Ер адам қашып кетті, қыз үйіне қарай жүгірді. Қыз баланың ата-анасынан полицияға өтініш түскен жоқ. Қыздың анасы тек мектеп әкімшілігіне жүгінді, олар өз кезегінде бұл туралы учаскелік полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Біз іргелес аумақты пысықтап, сипаттамаға  ұқсас адамды ұстадық. Қыз оны таныды, бұрын олар таныс болмаған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, оның нәтижелері туралы кейінірек айтып береміз", - деді БҚО Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Сүйінбаев.

Аталған факті бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірақ содан кейін ол "Адам ұрлау" бабына қайта сараланды. Ұсталған азамат 1973 жылы туған Орал қаласының тұрғыны болып шықты.


Көзі: yunews.kz