Қарағандыда автобус пен автокөліктің соқтығысуынан 11 адам зардап шекті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандыда автобус пен автокөліктің соқтығысуынан 11 адам зардап шекті

444

Smiley face

«Ағымдағы жылдың 18 қазанында сағат 16:15 шамасында Бұқар жырау даңғылы мен Шет көшесінің қиылысында және «Хонда» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан жол бермей, 32 жасар жүргізушінің басқаруындағы «Шаулин» маршруттық автобусымен соқтығысқан.

Жол-көлік апаты салдарынан 11 адам медициналық көмекке жүгінді. Апат кезінде автобуста 30 жолаушы болған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде», деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.


Көзі: Yunews.kz