Ақмола облысында «Ашық әкімдік» өткізілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақмола облысында «Ашық әкімдік» өткізілді

444

Smiley face
 

Облыс тұрғындары барлық басқармалардың өкілдеріне ғана емес, сондай-ақ өңір басшысының жеке өзіне де тікелей сұрақтар қоя алды. Мұны алдын ала жазылусыз жасауға болады. Көкшетауда «Ашық әкімдік» форматында өткен Ашық есік күні аясында ақмолалықтарға осындай мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл іс-шара Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында белгіленген Халықпен жұмыс істеу тиімділігін арттыру туралы тапсырмасын орындау болды.

- Мемлекеттік органдардың алдына ортақ міндет қойылды - халықтың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді әрекет ету үшін «еститін мемлекеттің» тұжырымдамасын іске асыру. Бүгінгі таңда әрбір тілек білдірушіге оның толғандырған сұрақтарын қою мүмкіндігі ұсынылған, қабылдауға қатысушылардың кез келгеніне, өмір сүру саласына жетекшілік ететін билік өкіліне хабарласуға мүмкіндік берілді, - деп атап өтті облыс әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке қабылдаудан кейіін.

Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Көкшетау қаласы әкімдігінің, құқық қорғау органдарының, коммуналдық қызметтердің өкілдері халықпен сұхбат жүргізді. Бұдан басқа, Азаматтарға арналған үкімет алаңдары, «Nur Otan» партиясы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Қоғамдық кеңес, облыстық ардагерлер ұйымы және екінші деңгейлі банктер жұмыс істеді.

Ашық әкімдікке сұрақ қою үшін 300-ден астам ақмолалықтар келді, олардың көпшілігі өңір басшысының жеке өтініштерімен келді. Негізінен билік өкілдеріне қатысты мәселелер тұрғын үймен, құрылыс үшін жер учаскелерімен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау мен агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, автожолдарды жөндеу, елді мекендерді абаттандыру және тағы басқа мәселелер болды. Мысалы, аса өзекті мәселелердің бірі Жұмыспен қамту және оңалту орталықтарын құру туралы ерекше қажеттілігі бар тұлғалардан ұсыныс болды.

Мемлекеттік құрылым басшыларының айтуынша, іс-шара барысында айтылған барлық мәселелер түпкілікті нәтижеге дейін пысықталып, бақылауға алынды.


Көзі: Yunews.kz