Қапшағайда БЦП дертімен жасөспірім жоғалып кеткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қапшағайда БЦП дертімен жасөспірім жоғалып кеткен

444

Smiley face
 

Қапшағай полициясы БЦП дертімен жоғалып кеткен жасөспірімді тауып, анасына қайтарды.

18 қазанға қараған түні полицияның кезекші бөліміне жасөспірімнің жоғалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Анасы бірнеше сағат бұрын оның 14 жасар баласы велосипедпен кетіп, үйіне қайтып оралмағанын хабарлаған, деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дабыл бойынша патрульдік қызметтер көтеріліп, ауқымды іздеу жұмыстары ұйымдастырылды. Жаңбырға қарамастан, жоғалған бозбаланы саябақтарда, скверлерде, жертөлелерде және тұрғын және тұрғын емес үйлердің шатырларында іздестіруді жалғастырды.

Бірнеше сағаттан кейін полицейлер Қапшағай шағын ауданының бірінен баланы тапты. Ол қатты жаңбыр астында үйге жол таба алмай, адасып кеткен.

«Баланы бірден қалалық полиция бөліміне жеткізіліп, анасына тапсырылды»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 15-17 қазан аралығында «БҚаңғыбас»  атауымен мақсатты жұмыстар жүргізілген.


Көзі: Yunews.kz