Алматыда анасы мен қызы туристік жолдамаларға байланысты алаяқтық істеріне күдікті болып отыр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда анасы мен қызы туристік жолдамаларға байланысты алаяқтық істеріне күдікті болып отыр

444

Smiley face

Полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен іздестіруде болған қызы мен анасын ұстады, деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметі.

47 жастағы әйел және оның 1992 жылы туған қызы Алматыда туристік қызмет көрсету бойынша бизнеспен айналысқан. Осы жылдың басынан бастап әйелдер өз клиенттерінен алдын ала төлем ала бастаған.

«Барлық клиенттер Египет, БАӘ және Түркия сияқты елдерде демалуды жоспарлап, турдың жартысын бронь ретінде төлеген. Бірақ тур «Альянс.Тур» фирмасы өз клиенттеріне демалыс ұйымдастыру ниетінде болмаған. Әйелдер өз клиенттерінен 300 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем алған. Ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған, алданған клиенттерге ұшу күндерін әртүрлі себептерге сілтеме жасап, уақыт соза берген. 

Олардың құрбандары 10-нан астам адам болды. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды. Оларға қатысты ҚР ҚК «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізілуде», деп хабарлады Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов.


Көзі: Yunews.kz