Назарбаев: «Біз заңгерлер мен экономистерді қаптатып жібердік – олар жұмыс таба алмай жүр» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Назарбаев: «Біз заңгерлер мен экономистерді қаптатып жібердік – олар жұмыс таба алмай жүр»

444

Smiley face
 

Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілістегі Үкімет пен «Nur Otan» партиясының мүшелерімен өткен кеңесте Қазақстанда тағы да жоғары оқу орындарының саны артып отырғанын мәлімдеді.

«Біз халықаралық стандарттарды ескерумен оларды оңтайландыра отырып, жоғары оқу орындарын трансформациялау міндетін қойдық – олардың санын азайту қажет еді. Ал іс жүзінде олай болмай отыр. болған жоқ. Сұрақ тудаы, олар кімді дайындап шығарады, бұл мамандар кімге қажет? Біз жұмыс таба алмайтын заңгерлер мен экономистерді қаптатып жібердік», - деді Назарбаев.

Жоғары оқу орындарының саны өсуде, алайда бұл оларды міндетті түрде қысқарту керек деген сөз емес. Елде сапалы мамандар бере алатын оқу орындары болуы тиіс.

«ЖОО-да оқыту базасы бар ма? Зертханалық кешендер бар ма? Жоғары оқу орны қалыпты және сұранысқа ие мамандар даярлай білуі керек», - деп толықтырды еліміздің Тұңғыш Президенті.


Көзі: Yunews.kz