ЕО жобасы бойынша Қазақстанға 30 ауған студенті келді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ЕО жобасы бойынша Қазақстанға 30 ауған студенті келді

444

Smiley face
 

Алматыда Еуропалық Одақ қаржыландыратын жоба бойынша Қазақстанда білім алатын ауған қыздарының бірінші тобы келді. Оны Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асыруда. Almaty Management University университетінде келген қыздар үшін ресми қабылдау өтті, деп хабарлайды ҚР ЕуроОдақ өкілдігінің баспасөз қызметі.

Ауғанстаннан келген студенттер алдағы оқу бағдарламасымен, жатақханамен және Қазақстанның мәдени ерекшеліктерімен танысты. Алғашқы сегіз айда олар болашақта қазақстандық жоғары оқу орындарына бакалавриат және магистратура бағдарламаларына түсу үшін ағылшын тілін тереңдетіп оқитын болады.

«Біз әйелдер экономикалық өсуде және тұрақты дамуда маңызды рөл атқарады деп есептейміз және олардың экономикалық мүмкіндіктері әр елдің дамуы мен өркендеуі үшін шешуші мәнге ие. ЕО, Ауғанстан және Орталық Азия арасындағы ортақ көзқарас негізінде білім беруге инвестиция салып, біз елдер арасындағы әлеуметтік және экономикалық байланыстарды нығайтуға көмектесе аламыз деген нық сенімдеміз», ‒ деп атап өтті Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-ОловКарлссон.

Еуропалық Одақ жоба үшін 2 млн еуро көлемінде грант ұсынды, ол Ауған қыздарына Қазақстан мен Өзбекстан университеттерінде білім алуға мүмкіндік береді.

«Әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу, гендерлік теңдікті және әйелдердің білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету БҰҰДБ-ның бүкіл әлемдегі басым міндеттері болып табылады. Қазақстанда біз қазақстандық Үкіметпен ынтымақтастық шеңберінде Ауғанстаннан келген қыздарды оқыту жөніндегі жобаны қолдаймыз. Мен бұл тәжірибе бізге Еуропалық одақтың жаңа бастамасын жүзеге асыруға көмектесетініне өте қуаныштымын», - деді БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

2025 жылға дейін Қазақстан мен Өзбекстан оқу орындарында ауыл шаруашылығы, қолданбалы статистика және тау-кен ісі бағыттары бойынша бакалавриаттың, магистратураның және техникалық мамандықтардың 50 студенті білім алатын болады. Жобаның серіктесі ретінде «БҰҰ-әйелдер» құрылымы қатысушыларды кәсіпкерлік және нетворкинг саласындағы дағдыларға үйрету үшін Жазғы мектептер ұйымдастырады.


Көзі: Yunews.kz