Нан бағасының қымбаттауына байланысты наубайхана иелеріне Атырау облысында жеңілдетілген несие беріледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нан бағасының қымбаттауына байланысты наубайхана иелеріне Атырау облысында жеңілдетілген несие беріледі

444

Smiley face
 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында нан-тоқаш өнімдерін өндірумен және сатумен айналысатын кәсіпкерлер мәлімдеді.

Өңірдегі нан-тоқаш өнімдері нарығындағы негізгі кәсіпорынның бірі, «Азмұханова» ЖК директоры Талғат Қошанов бұл амалсыз шара деп санайды.

«Біз астық өңірі емеспіз және бізде ұн өндірмейді. Барлық ұн сырттан әкелінген. Бүгінде өндірілетін нанның өзіндік құны 85,3 теңге, сондықтан біз бағаны көтеруге мәжбүрміз. Бізде босату бағасы 90 теңгені құрайды, сауда орындарында ол 95 теңгеден сатылады. Біз астық өңірі болмасақ та, нанның ең төмен бағасын ұстап келеміз. Басқа облыстар бағаны 100 теңгеге дейін көтерді, ал біреулер 110 теңгеге дейін көтерді. Бүгінгі күнге дейін Атырауда әлеуметтік нанның бағасы ең төмен болды. Көптеген наубайханалар шығынға жұмыс істеуде. Әлеуметтік нанға бағаның өсуі көптеген өңірлерде байқалады. Әлеуметтік нан деп аталатын жоғары сұрыпты ұнның бағасы 140 теңгеден асады. Бұл астық бағасының өсуіне байланысты. Содан кейін, түсінікті себептер бойынша ұн қымбаттайды. Мұндай үрдіс өткен және осы жылдың басында байқалды», - деді Т. Қошанов.

Наубайхана өкілдері келесі аптаның басынан нан бағасын көтеру керек деп мәлімдеді.  Бірақ нан-тоқаш өнімдерін өндірумен және сатумен айналысатын барлық компаниялар бірден бағаны көтермейді.  Мысалы, «Даулет-НАН» ЖШС ағымдағы айдың соңына дейін бағаны 75 теңгеге ұстауға міндеттелді. Маркетинг бөлімінің басшысы Ирина Колесникова мәлімдегендей, оларда бұрынғы бағамен сатып алынған ұн бар.

«Айдың соңына дейін баға бұрынғы болады. Осыдан кейін көтеру болады. Әзірше, соңғы шешім қабылданған жоқ,»,- деді И. Колесникова.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Даулетовтың айтуынша, қазіргі уақытта Атырау облысы әкімдігінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру механизмін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы қаулысы дайындалуда.

«Осы ереже аясында «Атырау» ӘКК арқылы кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне, сауда желілеріне өз наубайханасы бар жеңілдетілген қарыздар бөлінеді. Өз кезегінде олар өзіне міндеттемелер алатын болады. Бұл сауда желілерінде нанның бағасы төмен болады. Әкімдік қаулысы әділет органдарында келісіліп, қол қойылғаннан кейін заңды күшіне енеді», - деді Р. Даулетов.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 30-дан астам наубайхана жұмыс істейді. Олар тәулік сайын 50 мың нан-тоқаш өнімдерін шығарады.


Көзі: Yunews.kz