Қазақстандықтар өзіне қанша телефон нөмірлер тіркелгенін тексере алады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандықтар өзіне қанша телефон нөмірлер тіркелгенін тексере алады

444

Smiley face

Қазақстандықтар оларға тіркелген ұялы телефондардың, байланыстың санын тексере алады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен хабарлады.

Бұған арнайы сілтемеде қолжетімді қызмет арқылы көз жеткізуге болады.

Министрлікте хабарлағандай, абонентке қанша нөмір тіркелгенін білу үшін ЖСН енгізу қажет. Жүйе тіркелген нөмірлердің, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін операторлардың санын көрсетеді.

Егер абонент өзінің ЖСН-де иесі болып табылмайтын нөмірді тапқан жағдайда, телекоммуникация комитеті байланыс операторының кеңсесіне хабарласып, аталған нөмірді жабуды ұсынады.

Ведомствода биылғы жылдың басында Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу үдерісі аяқталғанын еске салды.

«Қазіргі уақытта барлық ұялы телефондар SIM-карта иелерінің ЖСН-ына тіркелген. Абоненттер өздерінің ЖСН-ін SMS арқылы жіберу арқылы 2018 жылдың ішінде тіркемеген телефондар автоматты түрде (2019 жылдың 1 қаңтарында) тіркеліп, пайдаланылатын SIM - карталарға байланған», - деп нақтылады министрлік.


Көзі: Yunews.kz