Колледждер мен жоғары оқу орындары жанында үйірмелер ашылатын болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Колледждер мен жоғары оқу орындары жанында үйірмелер ашылатын болады

444

Smiley face

2019 жылғы 18 қазан күні Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің қатысуымен Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Кеңесте министрлік департаменттерінің директорлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, мектептен тыс ұйымдардың, жалпы білім беру мектептерінің басшылары, ҮЕҰ мен бизнес құрылымдардың өкілдері қатысты.

Кеңесте балаларға қосымша білім беруді әрі қарай дамыту, қосымша білім беру жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландыру, оқушылар сарайларын стратегиялық дамыту, балаларға қосымша білім беру жүйесін дамытуды басқарудың әлеуметтік тетігі және педагогтерді аттестациялау мәселелері қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов колледждер мен жоғары оқу орындарының жанында балалар үшін үйірме, секция және студиялар ашу мәселесін қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, балаларға қосымша білім беру жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігін әзірлеу жоспарлануда. Заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу жұмыстары жалғасын табады. Оқушылар сарайларында инновациялық технологиялар енгізу мен технопарктер ашу жұмыстары жалғасатын болады.


Көзі: yunews.kz