Ақтауда көлік тұрғын үйге соғылып, өрт шықты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда көлік тұрғын үйге соғылып, өрт шықты

444

Smiley face
 

Төтенше жағдай түнде Ақтау қаласының 32 «Б» шағын ауданында орын алды. «Лексус S300» маркалы автокөлік тұрғын үйдің жертөлесіне соғылып, жанып кеткен. Маңғыстау облысы ТЖД хабарлағандай, оқиға орнына төрт арнайы техника жұмылдырылды.

«Өрт салдарынан пластикалық терезелер, бірнеше қабаттағы тұрғындардың сплит-жүйелері зардап шекті. Автокөлік толығымен жанып кетті. Үйден 30 адам, оның ішінде 11 бала эвакуацияланды.  Зардап шеккендер жоқ, жүргізуші өрт басталғанға дейін автокөліктен шығып кеткен», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ТЖД-де өрт сөндірушілер келген кезде жанып жатқан автокөлік жалыны үшінші қабатқа жеткенін атап өтті.


Көзі: Yunews.kz