Полицейлер Нұр-Сұлтан қаласындағы үйлердің біріндегі лифтінің бас кейіпкері болған келіншекті анықтады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Полицейлер Нұр-Сұлтан қаласындағы үйлердің біріндегі лифтінің бас кейіпкері болған келіншекті анықтады

444

Smiley face
 

Нұр-Сұлтан қаласының «Мұнар» тұрғын үй кешеніндегі үйлердің бірінде лифтіде дәретке отырған келіншектің оғаш әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған. Қуығы бос келіншектің кім екенін астаналық полицейлер анықтап отыр, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

36 жастағы келіншек өзінің туыстарына қонаққа келген. Ол пәтерге кіргенше шыдай алмай, лифтіге кіші дәретке отырған.

Полиция қызметкерлері жас келіншектің тұлғасын анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБК 434 бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама жасады. Енді қуығы бос келіншекке бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алыну қаупі бар.


Көзі: Yunews.kz