Түркіменстанның астанасында азық-түлік кезегі таңғы төртте орын алады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркіменстанның астанасында азық-түлік кезегі таңғы төртте орын алады

444

Smiley face

Ашхабадта адамдар таңертеңгі сағат төрттен азық-түлікке кезегіне тұруда, жергілікті мемлекеттік дүкендерде жұмыртқа мен өсімдік майы жетіспейді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Қарақұм» дүкенінде жұмыртқа 10 данадан қолға сатылуда, деп жазады басылым. Оларды 17.00-ден 22.00-ге дейін әкеледі. Кезекте адамдар сағат 15.00-ден тұра бастайды.  «Сөрелерде өсімдік майы жоқ. Бірақ, егер жанжал басталса, сатушы 9 манатқа күнбағыс майының литр бөтелкесін шығара алады (шамамен 1000 теңге). Бұрын біз күнбағыс майын сатып алған жоқпыз, оны қымбат деп санаймыз. Бірақ, өсімдік майы сатылымда жоқ», деді сатып алушылардың бірі.

Мемлекеттік дүкендерде жұмыртқа бір данаға 0,45 манаттан тұрады, жеке дүкендерде жұмыртқа бір манаттан, ал күнбағыс майының литр бөтелкесін 13-14 манаттан сатады. Үй жұмыртқасын базарларда бір данаға 1,50 манаттан сатуда (167 теңге).


Көзі: Yunews.kz