Жамбыл облысының прокуратурасы пайдаланылмай жатқан 304 мың гектар жер учаскелерін анықтады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жамбыл облысының прокуратурасы пайдаланылмай жатқан 304 мың гектар жер учаскелерін анықтады

444

Smiley face
 

Жер қатынастары саласындағы заңдылықтың жағдайына Жамбыл облысы прокуратурасы тарапынан үлкен көңіл бөлінеді, деп хабарлайды қадағалау органының баспасөз қызметі.

«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметін талдау жерді ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органдар жұмысының тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетті», - деп түсіндірді Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сонымен, прокуратура органдары ауданы 304 мың гектардан астам пайдаланылмайтын 1,6 мыңнан астам жер учаскелерін анықтады. Мұндай учаскелердің жалпы ауданы шамамен 125 га, ал кадастрлық құны - 3,4 млрд теңгені құрайды.

«Прокуратура органдарының араласуынан кейін пайдаланылмайтын учаскелерден мемлекеттік жер қорына көлемі 34,8 га астам 414 жер телімі қайтарылды, жалпы көлемі 205 мың га астам 872 жер телімі игеріле бастады», - деп хабарлады Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратура органдарымен барлығы 32 заң бұзушылық анықталып, 24 ұсыныс енгізілді. Тәртіптік жауапкершілікке 24 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде 34 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны және жер учаскелерімен байланысты қызметтік жалғандық жасағаны үшін 4 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық прокуратурасы.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдеріне аудан және Тараз қаласы әкімдіктерінде 110 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Аудандық әкімдіктер мен Таразда 27 тұрғын үй массивінде инфрақұрылым салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін 14 мың жер учаскесі кезекте тұрған азаматтарға берілетін болады.


Көзі: Yunews.kz