Лувр өкілдері Мона Лизаның бүлінуі туралы айтты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Лувр өкілдері Мона Лизаның бүлінуі туралы айтты

444

Smiley face
 

Леонардо да Винчидің атақты «Мона Лиза» немесе «Джоконда» картинасы бұзыла бастаған. Бұл туралы Лувр музейінің кескіндеме және графика сақтаушылар бөлімінің қызметшілері мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Венсен Дельевен мен Луи Франктің айтуынша, картинаның түпнұсқасы енді басқа елдерге апаруға жарамайды. Өйткені, кенеп өте жұқарып қалған. Сондықтан, Лувр музейі оның орнын ауыстыруды шектейтін болады. «Тасымалдау кезінде ол екіге бөлінуі мүмкін», - деп нақтылады Дельевен. Сақтаушылар қазіргі уақытта «Мона Лизаның» маңдайында сызаттар пайда болғанын атап өтті.


Көзі: Yunews.kz