Қарағанды облысындағы жолды жөндеуде талаптардың бұзылуын ұлттық жол активтері сапасы орталығы анықтады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысындағы жолды жөндеуде талаптардың бұзылуын ұлттық жол активтері сапасы орталығы анықтады

444

Smiley face

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Ұлттық жол активтері сапасы орталығының мамандары облыстық маңызға ие «Қарағанды-Шахтинск – Есенгелді –Щербаковское –Киевка» тасжолының 0-14 шақырымы аралығын  жөндеудегі жұмыстар мен материалдардың сапасын тексеру мақсатында сараптама жүргізді.

Орталықтың Қарағанды облысы бойынша филиалы нысанға 5 рет барып, жол-құрылыс материалдарының 3 сынамасын алған болатын. Зерттеу нәтижесі жолдың 12, 8 шақырымында кедір-бұдырлы беттік өңдеудің жанаспауы түрінде ұзындығы 800 метрлік жерде ақаулар барын көрсетті.

Жұмыстардың сапасыз орындалуына байланысты Прогресс KZ» ЖШС-не аталмыш учаскеге жол қабатын қайта төсеу қажеттігі туралы ескерту жолданды. Сонымен қатар, Қарағанды облысының әкімдігі мердігер компанияға қатысты «Прогресс KZ» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа жолданатын қуыным дайындады.

Мердігер компания аталмыш жолдағы жөндеу жұмыстарын 2018 жылы бастап, ағымдағы жылы аяқтауы тиіс еді.

Айта кету керек, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеудегі жұмыстар мен материалдардың сапасын тексеруге бағытталған сараптаманы Ұлттық жол активтері сапасы орталығы Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізуде.


Көзі: yunews.kz