Позициямызды жақсартамыз - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Позициямызды жақсартамыз

444

Smiley face

 

The Global Competitiveness Report 2019 есебінде жарияланған Дүниежүзілік экономикалық форум мамандарының зерттеуіне сүйенсек, Қазақстан жол инфрақұрылымының сапасы көрсеткіші бойынша 93 орынға ие.

 

Өткен жылы осы рейтингте еліміз 13 позицияға төмен орналасқан болатын. Дәлірек айтқанда, жоғарыда аталған көрсеткіш бойынша қазақстандық жолдар 106 орынды иеленген-ді.

Мұнымен қоса, Қазақстан жол желілерінің сапасы көрсеткіші бойынша да өз позициясын 3 сатыға жоғарылатып, рейтингтегі 56 орынға жайғасты. Өткен жылы бұл көрсеткіш бойынша еліміз 59 орында еді.

Еске салайық, құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен 2019 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 4,4 мың шақырымы қамтамасыз етілді. Барлық нысандардағы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті облыстық әкімдіктермен бірлесіп, жергілікті жолдардың желісін дамыту бойынша да ауқымды жұмыстарды атқаруда. Осы ретте ағымдағы жылы жолдардың 4 мыңнан астам шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылған.

Айта кету керек, 2019 жылғы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде Қазақстан 55 орынды еншіледі.


Көзі: yunews.kz