Ханойға тікелей рейстер, жаңа күріш сорттарын өсіру және Вьетнамға электрондық виза - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ханойға тікелей рейстер, жаңа күріш сорттарын өсіру және Вьетнамға электрондық виза

444

Smiley face
 

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Вьетнам сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 9-шы отырысы өтті.

Қазақстандық делегацияны Комиссияның қазақстандық бөлігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, ал Вьетнам делегациясын Вьетнам Социалистік Республикасы Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Хоанг Куок Выонг басқарды.

Тараптар ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде күріштің жаңа сорттарын өсіру үшін екі елдің ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы өзара іс-қимыл арқылы үлкен әлеуеттің бар екендігі туралы келісті. Комиссияның алдыңғы отырысының келісімдерін, соның ішінде адамдарды ұстап беру, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдердің жүйелі түрде орындалуын, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықтың жандандыруын атап өтілді.

Комиссия басымдықтар ретінде 2020 жылы Ауыл шаруашылығы бойынша кіші комитеттің бірінші отырысын өткізу, «АХҚО» шеңберінде ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ветеринария, контейнерлік тасымалдау саласындағы, сотталған адамдарды беру мен өзара құқықтық көмек, кеден саласындағы ынтымақтастық жөнінде және екі елдің ауылшаруашылық институттары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу секілді бағыттарды айқындады.

Қазақстан мен Вьетнам Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің тараптары ретінде тауарлардың экспорты мен импортын кеңейту мақсатында екі елдің іскер топтары үшін преференциялары туралы ақпаратты тарату жөніндегі жұмысты жандандыруға, сондай-ақ жеңіл, тамақ және қайта өңдеу салаларында бірлескен өндірістер құру, атап айтқанда киім мен аяқ киім заманауи өндірісін ұйымдастыруға күш салуға келісті.

ҮАК тең төрағалары 2020 жылғы 8-11 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтуі жоспарланған ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясын және Қазақстан азаматтарына Вьетнамға электрондық виза берілген елдердің тізіміне қосылуын құптады.

Тараптар туризм саласында ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін көрсетіп, оған екі елдің азаматтары үшін визалық режимді одан әрі жеңілдету, Ханой мен Хошиминге тікелей рейстерді іске қосу, Нұр-Сұлтан мен Ханой және Алматы мен Хошимин қалалары арасында бауырластық байланыстарды дамыту септігін тигізетіндігін атап өтті.


Көзі: yunews.kz