Шахтинскіде бос тұрған көпқабатты үйлер қалпына келтірілмек - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шахтинскіде бос тұрған көпқабатты үйлер қалпына келтірілмек

444

Smiley face

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Шахтинск қаласына барды. Аймақ басшысына шахтерлер қаласындағы тұрғын үй мәселесін шешу жолдары туралы айтылды.

Жаңа құрылыстан басқа, Шахтинскі басшылығы 90-шы жылдары бос қалған көпқабатты үйлерді қалпына келтіруді көздеп отыр. Қалада мұндай үш бар.

- Біз техникалық қорытынды алдық, оларды қалпына келтіруге болады. Екі үй бойынша заңды тазалау жүргізілді. Содан кейін коммуналдық меншікке рәсімдедік. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, ол қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде, - деді Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов.

Smiley face

Фото: karaganda-region.gov.kz

Абай даңғылындағы 9 қабатты бос тұрған тағы бір үй бойынша құжаттарды ресімдеу жалғасуда . Содан кейін ЖСҚ әзірленеді.

Шахтинск қаласында тұрғын үй алу кезегінде 1646 адам тұр. Өз пәтеріне 46 көп балалы отбасы мұқтаж. Бос тұрған көпқабатты үйлерді қалпына келтіру тұрғын үй мәселесін шешуге көмектеседі.

Сонымен қатар, Шахтинск қаласында жаңа үйлер салынады. 2020 жылы 5 қабатты 60 пәтерлі үйді тапсыру жоспарланған. Алдағы уақытта тағы бір көпқабатты үйдің құрылысы жоспарлануда.

Smiley face

Фото: karaganda-region.gov.kz

Шахтинск қаласына жұмыс сапары барысында облыс әкімі сондай-ақ «Шахтинсктеплоэнерго» ЖЭО-да болды. Өңір басшысы қаланың жылыту маусымына дайындығын тексерді. Станцияны жаңғырту мәселесі талқыланды.


Көзі: yunews.kz