Smiley face - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Smiley face

444

Smiley face

Әлеуметтік желілерде «Лексус 570», 5-көлікті соқты» деген ақпарат бойынша, ағымдағы жылдың 20-шы қазанында сағат 20:57 шамасында 102 телефонына Степной-4 ықшам ауданында «Ланд крузер» автокөлігінің жүргізушісі аулаға қойылған автокөліктерді соғып, оқиға орынында ұйықтап қалды деген ақпарат түсті.

Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен оқиға орынына жақын маңдағы патрульдік полиция полкінің жасақтарымен Оңт.стік-шығыс полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жіберілді.

Полиция қызметкерлерімен 49-жастағы «Лексус-570» автокөлігінің жүргізушісі ішімдік ішкен күйде үйдің ауласында тұрған 5-көлікті соққаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 25-жастағы азаматпен 29-жасар азаматша ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz