Қарағандыда үш қабатты коттеджде тұратын АӘК алушы анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандыда үш қабатты коттеджде тұратын АӘК алушы анықталды

444

Smiley face
 

Қарағанды ​​облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан жүргізілген атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - АӘК) тағайындаудың заңдылығын тексеру жұмыстары барысында АӘК алушылардың арасында үш қабатты коттеджде тұратын отбасы айқындалды.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүнісбекова Қарағанды ​​облысы тұрғындарының әлеуметтік қызметкерлерді алдауының өрескел фактілері туралы хабарлады. Оның айтуынша, АӘК тағайындау кезінде ең көп кездесетін бұзушылық – нақты кірістерді жасыру, отбасының тұрмыс жағдайы мен өмір сүру шарттары туралы жалған ақпарат беру болып табылады.    

«Осылайша, Қарағанды ​​қаласында 8 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы 2019 жылғы мамыр айында АӘК тағайындауға өтініш білдірді. Отбасына ай сайын жалпы сомасы 105 мың 843 теңгені құрайтын

2 млн 339 мың 688 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды. Біздің Басқарманың жүргізген АӘК тағайындаудың заңдылығын тексеру кезінде бұл отбасы жалпы ауданы 100 шаршы метрден асатын үш қабатты коттеджде тұратындығы анықталды. Оның үстіне, жеке меншігінде көлігі бар, яғни олардың тұрмыс жағдайы жеткілікті. Аталған отбасына қайта есептеу жүргізіліп, нәтижесінде оларға АӘК тағайындаудан бас тартылды», – деді Әсем Жүнісбекова.

Оның айтуынша, әлеуметтік көмекті заңсыз жолмен алу мақсатында кейбір қарағандылықтар нақты тұратын немесе уақытша тіркелген мекен-жайын жасырмақшы болған. Мысалы, АӘК алушыларды аралау барысында тұратын мекен-жайын жалған көрсетіп,  ай сайын 108 мың 882 теңге көлемінде жалпы сомасы 1 млн 306 мың теңге төлем тағайындалған отбасы анықталды. Ал, шын мәнінде отбасы қымбат жөндеуден өткен екі қабатты коттеджде тұрады, жеке меншігінде автомашинасы бар.    

Қарағанды облысы бойынша барлығы атаулы әлеуметтік көмек төлеу 92 отбасына уақытша және 890 отбасына мүлде тоқтатылды. 1 мың 621 отбасына қайта есептеу жүргізілді.


Көзі: yunews.kz