Ақсудың тұрғыны қоймадан 530 мың теңгеге 126 блок темекі ұрлап кеткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақсудың тұрғыны қоймадан 530 мың теңгеге 126 блок темекі ұрлап кеткен

444

Smiley face

Ақсу қаласының 21 жасар тұрғыны қысқа өз бетінше дайындық жасады. Ол Ертіс ауданының бір ауылындағы қойма ғимаратына пластикалық терезені қысып кіру жолымен 530 мың теңгеге "LD club" маркалы темекіні ұрлап кеткен. Таңертең Ертіс ауданының полициясына 70 жастағы ауыл тұрғыны түнгі уақытта белгісіз тұлға қоймадан 126 блок темекі ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Көп ұзамай ол заттай айғақтармен ұсталды.

Басқа жағдайда 34 жасар екібастұздық азамат саяжай учаскесінің аумағынан 60 мың теңгеге металл сынықтарын ұрлап кеткен. Ал Ақтоғай ауданында 30 жасар ауыл тұрғыны 25 мың теңге тұратын "Laux" велосипедін ұрлап кеткен.

Ұсталғандардың барлығы заңнама аясында жазасын өтейтін болады.


Көзі: yunews.kz