Ақмола облысында жас әйел мен қыз бала ыстан уланып көз жұмды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақмола облысында жас әйел мен қыз бала ыстан уланып көз жұмды

444

Smiley face

Ақмола облысының Бұланды ауданының Макинск қаласында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытатын пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты 22 жастағы келіншек пен 11 жастағы қыз бала ыстан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қ. ТЖК  баспасөз қызметі.

Улы және табиғи газбен уланудың алдын алу, азаматтардың жеке мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту мақсатында, ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері тұрғын секторда профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарды жылыту пештерін пайдалану ережелерін сақтауға үндейді, себебі оларды бұзу ысты газбен улану сияқты қайтымсыз салдарларға әкелуі мүмкін.

Пешпен жылытуды пайдалану кезінде:

1) жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға;

2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттарды және материалдарды алғы ошақ бетінде орналастыруға;

3) қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

4) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пештің және түтін жолдарының бетінен 0,5 м кем емес қашықтықта кептіруге жол берілмейді.

Қызған және бықсыған материалдары бар күл мен қож оттықтан тастағаннан кейін өрт шығу мүмкіндігін болдырмайтын және су төгілген арнайы бөлінген орынға шығарылуы тиіс.

Отын (көмір) осы үшін арнайы бейімделген үй-жайларда немесе жанатын құрылыстардан 8 м алыс жерде орналасқан арнайы бөлінген алаңдарда сақталуы тиіс.

Түтін мұржалары, түтін шығу жолдары және жылыту пештері мен жүйелерінің басқа да элементтері жылыту маусымы тікелей басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде  күйеден тазартылуы тиіс:

1) үш айда бір рет - жылыту пештері үшін;

2) екі айда бір рет - үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін.


Көзі: yunews.kz