Балабақшаға баратын бүлдіршіндер саны 95%-ға жетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Балабақшаға баратын бүлдіршіндер саны 95%-ға жетті

444

Smiley face

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту үлесі 95,2%-ға ұлғайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов Үкімет сағаты барысында мәлімдеді.

Мектепке дейінгі білім беру – оқыту мен өздігінен білім алудың ұзын сатысындағы алғашқы кезең. Бала өміріндегі бұл кезеңді бағаламай қалмауымыз керек екенін бәріміз түсінеміз. Өйткені, 6-7 жасқа қарай оның білімі мен дағдыларының қалыптасуы баланың мектепте одан әрі қалай оқитындығына байланысты. Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде мектепке дейінгі ұйымдар желісі 1,7 мың бірлікке артып, 10 558 адамды құрады.

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов ҚНжЕ мен СанПИН қайта қаралғанын, РБ-дан мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылғандығын және жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесі қайта қаралғандығын айтты.

- Нәтижесінде, мемлекеттік балабақшаларға жүктеме төмендеп, 39,8%-ды (4082 бірлік) құраған жекеменшік балабақшалардың үлесі артты. Мектепке дейінгі ұйымдарда орын беру тәртібін реттеу бойынша бірқатар шара қабылданды. Енді ата-аналар (7/24) өз баласының кезегін кез келген уақытта, онлайн режимінде көре алады. Босаған кезде орындар автоматты түрде бөлінеді, ата-аналарға балабақшаны өздігінше таңдау мүмкіндігі берілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайтылды, - деді А. Аймағамбетов. Сонымен қатар, Министр ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар жеңілдік берілетін санатқа енгізілгенін атап өтті.

- Алайда, көші-қон мен демографияға байланысты Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларындағы балабақшаларға қажеттілік бар. Балабақшалардағы жас кезеңдерін қайта қарау қажет, - деді Асхат Аймағамбетов.


Көзі: yunews.kz