Шымкент тұрғыны Семейде алаяқтықпен айналысқан - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шымкент тұрғыны Семейде алаяқтықпен айналысқан

444

Smiley face

Жақында Семейдің полиция бөліміне алаяқтың іс-әрекетінен зардап шеккен бірнеше қала тұрғындарының арызы түсті. Белгілі болғандай, «Әділет» деген белгісіз жігіт алдау арқылы өтініш берушілердің толық сауалнамалық деректері мен банктік шоттарының нөмірлерін біліп алып, содан кейін олардың аттарына ақшалай несие ресімдеген.

"Әуезов полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Нәтижесінде жедел уәкілдер Шымкент қаласының бұрын сотты болған 27 жасар тұрғынын қолға түсірді",- деп түсіндірді Семей қаласының ПД баспасөз қызметінде.

Тергеу барысында оның 6 қылмыстық эпизодқа қатысы бар екенін анықтады. Қала тұрғындарының полицияға келіп түскен арыздары бойынша жалпы шығын көлемі 600 мың теңгеден асты.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу, сондай-ақ басқа да жәбірленушілерді анықтау жүргізілуде. Аталған факт ҚР ҚК 190 б. 2-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.


Көзі: yunews.kz