Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындары, моншалар мен хауыздар кірістер 2,5 есеге төмендетіп көрсеткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындары, моншалар мен хауыздар кірістер 2,5 есеге төмендетіп көрсеткен

444

Smiley face
 

Мегаполисте тамақ және ойын-сауық саласындағы жалпы сомасы 6,7 млрд.тенгені құрайтын кірістерін жасыру фактілері анықталған. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде хабарлағандай, тәуекел аймағына түскен салық төлеушілерге қатысты камералық мониторинг басталды. Өздерін адал төлеуші ретінде көрсеткен кәсіпкерлерге мемлекеттік кірістер органдары тарапынан тексеру шаралары жоспарланбаған.

Бюджет алдындағы міндеттемелерін орындамағандарға және салық төлеуден жалтарып жүргендерге, сондай-ақ тәуекелді салық төлеушілерге қатысты мамандар камералық мониторинг пен хронометрлік бақылау жүргізеді.

Тәжірибе көрсеткендей, тәуекел тобына кірістер мен қызметкерлер санының азаю фактілері бойынша салық есептілігі деректерін талдау негізінде анықталған салық төлеушілер кіреді. Салық төлеушілердің бұзушылықтары: кірістерді бірнеше рет азайтуы, шот-фактураларсыз алкогольдік ішімдіктерді сату және сақтау фактілері бар, фискалдық мәліметтерді жасыру арқылы кассалық тәртіпті бұзу, яғни сатып алушыларға фискалдық чектердің орнына R-Keeper жүйесінің түбіртерін беру.

«R-Keeper» арқылы өткен түбіртектер фискалдық емес және кассалық машинадан өтпейді, осылайша кірістер бюджетке түспейтінін айта кету керек.


Көзі: yunews.kz