Қарағандыда тұрғын үй ауласында 5 көлікті соққан жүргізуші уақытша оқшаулағышқа қамалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандыда тұрғын үй ауласында 5 көлікті соққан жүргізуші уақытша оқшаулағышқа қамалды

444

Smiley face
 

«Лексус 570» автокөлігінің 49-жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне қызмет атқару барысында кедергі келтірген азаматтарға әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетейік: әлеуметтік желілерде «Лексус 570», 5-көлікті соқты» деген ақпарат бойынша, ағымдағы жылдың 20-шы қазанында сағат 20:57 шамасында 102 телефонына Степной-4 ықшам ауданында «Ланд крузер» автокөлігінің жүргізушісі аулаға қойылған автокөліктерді соғып, оқиға орынында ұйықтап қалды деген ақпарат түсті.

Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен оқиға орынына жақын маңдағы патрульдік полиция полкінің жасақтарымен Оңт.стік-шығыс полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жіберілді.

Полиция қызметкерлерімен 49-жастағы «Лексус-570» автокөлігінің жүргізушісі ішімдік ішкен күйде үйдің ауласында тұрған 5-көлікті соққаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 25-жастағы азаматпен 29-жасар азаматша ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Лексус-570» автокөлігін полиция қызметкерлері дабыл белгісін қоспай аңдыды деп тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Айта кету керек, тек демалыс күндері патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген 13-жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Көзі: yunews.kz