Ақтауда ер адам 6 жасар қызды ауладан алдап ертіп кеткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда ер адам 6 жасар қызды ауладан алдап ертіп кеткен

444

Smiley face

Жаға ұстарлық жағдай кеше Ақтаудың 28-шағынаудандағы №11үйдің жанында болды. Полицияға осы ауданның тұрғыны өзінің 6 жасар қызының жоғалғаны туралы арызданған. Оқиға орнына Ақтау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері шықты.

Анықталғандай, белгісіз ер адам қызды алдап, ертіп кеткен және сол маңдағы зиратқа апарып, зорламақ болған. Алайда күдікті өтіп бара жатқан адамды көріп, қашып кеткен.

"Қаскүнемнің жеке басын анықтауға бейнекамерадағы жазба көмектесті. Сол күні ер адам ұсталды. Тексеру барысында, ұсталған азамат бұрын ұрлық, бұзақылық, алаяқтық және тонау үшін сотталғаны анықталды. Күдікті кінәсін мойындады. Аталған факт Ақтау қаласының полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабының 3-бөлігімен (Зорлау) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды» деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінде.


Көзі: yunews.kz