Ақтауда тұрғын үйге соғылған көлік жүргізушісі мас болған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда тұрғын үйге соғылған көлік жүргізушісі мас болған

444

Smiley face

Кеше түнде Ақтаудағы тұрғын үйге соғылып, тұтанған "Лексус S350" автокөлігінің жүргізушісі мас күйде болған, деп хабарлайды полицейлер.

"ҚР ӘҚБК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама жасалды (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру)", - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамға айыппұл төлеу және 5 жыл мерзімге құқығынан айырудан басқа тұрғын үйге келтірілген шығынды да төлеуге тура келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда сенбіден жексенбіге қараған түні автокөлік тұрғын үйге соғылып, тұтанған.


Көзі: yunews.kz