Қазақстандықтар басқа азаматтардың атына тіркелген SIM-карталарды сатуға шағымданады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандықтар басқа азаматтардың атына тіркелген SIM-карталарды сатуға шағымданады

444

 

Smiley face
 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті өзге азаматтарға тіркелген SIM-карталарды сату туралы қазақстандықтардың шағымдары негізінде Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда нүктелеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізуге  бастамашылық етті.

Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенконың айтуынша, алдын ала басқа азаматтардың атына тіркелген SIM-карталарды сату ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережелерін бұзумен қатар, сатып алушыға әлеуетті қауіп төндіруі мүмкін.

«Егер азамат SIM-картаны сатып алса және сатушы оған нөмірді тіркеуді ұсынбаса, бұл нөмірдің басқа біреудің атына тіркелгенін білдіреді. Және нөмірдің иесі оны кез келген уақытта ажыратып тастауы мүмкін екенін түсіну қажет», - дейді В. Ярошенко.

Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге келісім-шарт жасамай SIM-карталарды сату фактілері расталса, дилерлерге 100 АЕК дейін айыппұл салынады.


Көзі: yunews.kz