Азия чемпионатында қазақстандық велошабандоздар тағы екі күміс жүлдеге қол жеткізді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Азия чемпионатында қазақстандық велошабандоздар тағы екі күміс жүлдеге қол жеткізді

444

Smiley face

Фото Olympic.kz

Оңтүстік Кореяда тректегі велоспорт бойынша Азия чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күні қазақстандық спортшылар екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды  Olympic.kz.

Скретч жарысында Әлішер Жұмақан күміс жүлдені иеленді. Бірінші орынды Гонконгтан келген С. Ю. Моу жеңіп алды. Үшінші орында индонезиялық Б. Ван Арт жайғасты.  Әйелдер арасында осы жарыста Рината Сұлтанова күміс жүлдеге ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық велошабандоздар бір алтын (Андрей Чугай), екі күміс (Артем Захаров пен Әлішер Жұмақан) және бір қола (Роман Василенков) жүлде иеленген болатын.


Көзі: yunews.kz