Сезікті секірер... - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сезікті секірер...

444

Smiley face
Фото stv24.tv
 
20-шы қазан күні Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері полиция лейтенанты Жамбыл Нұрғалиевпен қатардағы полиция қызметкері Оңғарсын Иманғалиев өзіне жүктелген аумақта қызмет атқару барысында Қарағанды қаласының Құрылысшылар көшесінде күдік туғызған азаматты байқаған. Кейін оны тоқтатып, оған жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында азамат полиция қызметкерлеріне күдік тудырып, сөзінен жаңылып, тәртіп сақшыларынан қашуға әрекет жасаған. Тексеріс барысында полиция қызметкерлерімен 27-жастағы азаматтан 42-дана пакетке оралған есірткіге ұқсас заттар тәркіленіп алынды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабы 1 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz