Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: «Ғылым саласының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты кезең-кезеңмен жүргіземіз» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: «Ғылым саласының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты кезең-кезеңмен жүргіземіз»

444

Smiley face
Фото texnosnab.ru
 
Smiley face
Фото texnosnab.ru

Қазақстанда ғылыми зерттеулер мен жұмыстармен 384 ұйым, 22 378 адам айналысады, оның ішінде 7 748-і 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар. Бұл туралы Үкімет сағаты барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Халықаралық рейтингтік басылымдарда ғалымдардың көпшілік алдындағы белсенділігі артып келеді.

- Ғылым саласының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты кезең-кезеңмен жүргіземіз. Қазіргі уақытта барлық ғылыми гранттарға өтінім беру 65%-ға қысқарды. Қазақстанның ең дамыған елдер қатарына кіруі үшін экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын дамыту қажет, - деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу процесіне елеулі өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, жобаларды іріктеудің нақты өлшемдері анықталды, қаржыландырудың сұралып отырған көлемінің негізділігін бағалау, жобаларды қаржыландыруға бекіту үшін жиынтық балл бойынша саралау енгізілді. Көрсетілген жаңашылдықтар ҰҒҚ жұмысының сапасын арттыруға және конкурстық рәсімдердің транспаренттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Көзі: yunews.kz