Нәрестелердің өлімін неге жасырады? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нәрестелердің өлімін неге жасырады?

444

Smiley face

Атыраудағы сәби өлімінен кейін денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаеваның төрағалығымен құрылған комиссия өз жұмысын аяқтады.

«Біз жалпы аймақтағы балалар өліміне не себеп болғанын анықтау үшін талдау жұмыстарын жүргізді. Дәл осы Атырау облыстық перинаталды орталықта тамыз-қыркүйек айларында бала өлімінің неліктен көбейіп кеткенін зерттедік. Ішкі ауруханалық инфекция анықталды. Соның салдарынан нәресте шетінеген», - деп айтып берді Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова.

Людмила Бюрабекова ішкі ауруханалық  инфекцияны жоюға кім жауапты екені туралы да айтты.

"Қолданыстағы заңнамада денсаулық сақтау ұйымдарын инфекциялық бақылау комиссиясының болуы қарастырылған. Жалпы алғанда, санитарлық ережелерді, режим мөлшерін сақтау. Осы мекемеде режим дозасының өрескел бұзушылықтары болған, және комиссия қағаз жүзінде ғана жұмыс істеген.

Бұл дәрігерлер емес, медициналық ұйым ішіндегі жұмысты ұйымдастыру. Яғни, құру қажет процестер. Бұл менеджмент мәселесі", - деп нақтылады Бюрабекова.

ТҚҚСБК басшысы 2018 жылы өлі туу жағдайларын талдау қорытындысы туралы айтты.

«Біз Атырау облысында барлық туғаннан кейін шетінеп кеткен нәрестелердің шыны препараттарынан алынған объективті деректер мен медициналық карталардың аудитінен кейін ел бойынша жаппай аудит жүргіздік. Талдау нәтижесінде есепке алынбаған ерте неонаталдық өлім-жітімнің 277 нәресте өлімін жасырып қалу фактілерін анықтадық. Қазақстан бойынша. Маңғыстау облысында олар қолданыстағы заңнаманы бұза отырып шыныларды жойған. Сақтамаған. Бұл бұзушылық, бірақ қандай да бір қылмыстық немесе әкімшілік қудалауға әкеп соқпайды. Жалпы қазір сандар (нәрестелер өлім-жітімі) түзетілуде, себебі 2018 жылдың статистикалық деректеріне өзгерістер енгізу қажет. Көрсеткіш өзгергенде, онда айтуға болады. Өткен жылы 277 сәби дүниеге келді", – деп атап өтті Людмила Бюрабекова.

Людмила Бюрабекова нәрестелердің өлім-жітімін неге жасыратынын айтты. 

"Бұл көрсеткіштер әкімдер мен денсаулық сақтау министрлігі арасындағы меморандумдарда бар. Жалпы алғанда елдің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді. Көрсеткіш жоғары болған сайын, әлемдік рейтингтегі біздің позицияымыз нашарлайды", - деп түйіндеді ТҚҚСБК басшысы.


Көзі: yunews.kz