Қылмыстық өнім - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қылмыстық өнім

444

Smiley face

Операцияны «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Ақтөбе облысы ІІД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізді. Олар Ақтөбе қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Қызметтік-іздестіру итін қолдану жолымен оның пәтерін тінту кезінде 146 оралған марихуана пакетін табылды.  Тәркіленген есірткі затының салмағы 6 килограмм жоғары болды.

«Ақтөбе облысы ІІД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері  марихуана есірткі затын өткізу арнасының жолын кесті. Қара нарыққа тұтынуға арналған 17 500-ден астам марихуана дозалары түскен жоқ. Алынған партияның сомасы 2 миллион теңгеге бағаланады», - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Көзі: Yunews.kz