Алаяқ адамдарды алдауын қоймады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алаяқ адамдарды алдауын қоймады

444

Smiley face

Жас жігіт бұған дейінжасаған алаяқтығы үшін онсыз да ешқайда шықпау туралы қолхатпен жүрген.  Бірақ, ол адамдарды алдауын қоймады. Фирмалардың бірінің коммерциялық директоры болып жұмыс істейтін ол металл қақпалар дайындап беру үшін клиенттерден алған 860 мың теңге қаражатты өз қалтасына басқан. Уәде еткен мерзімге қарай зардап шеккен адам ақшасынан да, темір қақпадан да айырылған.

Сонымен қатар, ол бұдан бір ай бұрын апта сайынғы жарна 35 мың теңгемен және кейіннен сатып алу арқылы алдау жолымен ВАЗ-2109 және ВАЗ-21102 автомашиналарын алдап алып кеткен.

Бұдан басқа, қаланың құрылыс дүкендерінің бірінде сатып алушыны қарсы алып, эко-блоктарды төмен бағамен сатып алуға жәрдем көрсету сылтауымен алдау жолымен оның 1,2 млн.теңге ақшасын жымқырып кеткен.

Қазір алаяқ ер адам қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.


Көзі: Yunews.kz