Қойды шариғат жолымен сою мен мүшелеу - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қойды шариғат жолымен сою мен мүшелеу

444

Smiley face

Байқауды «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының, Досжан Хазрет мешітінің және «Ақтөбе облысының дінге сенуші белсенді жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұйымдастырды.

Жарыстың мақсаты – қойды шариғат жолымен сою мен мүшелеуді жастар арасында насихаттау. Әдеттен тыс байқауды тамашалауға 250 көрермен жиналды.

Нәтижесінде 7 минуттың ішінде бұл міндетті атқарып шыққан ақтөбелік азамат Медет Сейтжанұлы етшілер байқауының жеңімпазы атанды. Ол 15 мың теңге ақшалай сыйлық және естелік құты алды. Екінші және үшінші орын иегерлері 8 минутта және 23 минутта тапсырманы орындады. Оларға 10 мың және 5 мың теңгеден табыс етілді.

Жеңімпаздарды марапаттағаннан кейін сойылған малдардың еті мұқтаж отбасыларға таратылды. Сонымен қатар, етті табаққа мүшелеп салу бойынша шеберлік сыныбы өткізілді. Атап айтқанда, жиналғандарға жануардың ұшасы кімге тартылатыны түсіндірілді.

Мысалы, бас пен жамбас құрметті қонақтарға тартылады. Күйеу балаға төс береді. Ал қыздарға ешқашан кәрі жілік бермейді. Себебі кәрі жілік мүжіген қыз тұрмысқа шыға алмай, үйде отырып қалады деп санайды.


Көзі: Yunews.kz