Семейде «Жедел жәрдем» көлігі зейнеткерді қағып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семейде «Жедел жәрдем» көлігі зейнеткерді қағып кетті

444

Smiley face

Қайғылы оқиға кеш қарсаңында қаланың Бозтаев көшесінде орын алды. Реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде «УАЗ» маркалы «Жедел жәрдем» автомобилі 75 жастағы зейнеткерді қағып кетті. Арнайы машинада оқиға кезінде жарқылдауық шамшырақтары қосылған, бірақ дыбыс белгісі қосылмаған.

«1944 жылы туылған зейнеткер жан сақтау бөліміне жеткізілді» деп хабарлады  Семей қаласының ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осы апатқа байланысты болған барлық жағдайды анықтауда.


Көзі: Yunews.kz