Маңғыстаулық спортшы самбодан әлем чемпионы атанды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстаулық спортшы самбодан әлем чемпионы атанды

444

Smiley face

Самбодан әлем чемпионаты 8-22 қазан аралығында Кипрде Лимосол қаласында өтті. Биыл чемпионатқа әлемнің 37 елінен 500-ден астам спортшы қатысты.  Халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекеге Маңғыстау облысынан 4 спортшы қатысты.

«74 келі салмақ дәрежесінде 40-44 жас аралығында өнер көрсеткен Манарбек Бисекенов Француз палуанын жеңді. Екінші жекпе-жекте ол КСРО чемпионы, ХДСШ Еуропа чемпионы, Ресей палуаны Лимиз Шағиевті 2:1 есебімен жеңді. Финалдық тартыста ол КСРО чемпионы, бірнеше дүркін әлем чемпионы, ресейлік палуан Алексей Мешавкинмен кездесіп, Манарбек 5:1 есебімен жеңіске жетті», - деп хабарлады Маңғыстау спорт мектебінде.


Көзі: Yunews.kz