Мемлекет басшысы нан мен көмірдің қымбаттауына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мемлекет басшысы нан мен көмірдің қымбаттауына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды

444

Smiley face

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге әлеуметтік нан мен көмір бағасының өсуіне байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

«Әлеуметтік нан бағасының өсуіне байланысты Үкімет пен әкімдерге субсидиялауды қоса алғанда, шұғыл шаралар қолдануға нұсқау берілді. Тапсырма көмір бойынша да берілді. Көмір компанияларымен және бағаны көтеретін делдалдармен келісіп алған жөн. Орындау бақылауда»,-деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.


Көзі: Yunews.kz