«Ханшайым болғысы келді» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Ханшайым болғысы келді»

444

Smiley face

Жақында ғана өзінің жас жұбайына корольдік консорттың ресми мәртебесін берген Тайланд  корлі Маха Вачиралонгкорн оны барлық атақтарынан айырды.

Корольдік ауланың ресми мәлімдемесінде «генерал-майор Сининат Вонгваджирапакди тым өркөкірек болды және ханшайым болғысы келді. Корольдік консорттың мұндай мінез-құлқы корольді құрметтемеудің белгісі ретінде бағаланды» деп айтылған.

Сининат 1921 жылдан бастап корольдік консорт атағын алған бірінші әйел болды.

Бұл мәртебе оған шілде айында берілді, патша төрт рет үйленген, ханшайым атағы Сутхид Тиджайге берілген.

Сининат Вонгваджирапакди – кәсіби әскери ұшқыш, медбике және оққағар. Бүгінгі күнге дейін ол генерал-майор атағына ие болған еді.

Тамыз айында оның әскери формада және жауынгерлік ұшақтың штурвалында оның ресми фотосуреттері жарияланған болатын. Сол кезде король оған корольдік өмірбаян жасау туралы өкім еткені жарияланған.

Сонымен қатар, бұрынғы стюардесса және корольдік күзет бастығының орынбасары ханшайым Сутхид корольдің сүйікті жұбайы болып қала береді және көптеген жылдар бойы онымен бірге көпшілік алдына шығып келеді.

Тайланд королі Маха Вачиралонгкорн әкесі қайтыс болғаннан кейін 2016 жылы таққа отырған болатын.


Көзі: Yunews.kz