Алматы облысында мас әйел полицейге тап берді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы облысында мас әйел полицейге тап берді

444

Smiley face

20 қазанда Алматы облысының Қарабұлақ ауылында полиция жасағы отбасылық жанжал бойынша шақыртуға барды. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күйеуін емес, ішіп алып жанжал шығарған мас әйелін тыныштандыруға мәжбүр болды, деп хабарлады Алматы облысының ПД.

"Құрбысымен ішімдік ішіп отырған жас әйел күйеуіне шағымданды. Айта кету керек, күйеуі сау күйде болған және баласына бас-көз болып, шектен шыққан әйелдерді ақылға шақыруға тырысқан. Мән-жайды анықтау кезінде алкогольдік масаң күйде болған әйел полиция қызметкеріне тап беріп, оның киімін зақымдап, бетін тырнап тастаған. Шабуыл фактісі бойынша ҚР ҚК 380- бабында қарастырылған қылмыстық іс қозғалды",- деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Күдіктінің жас баласы бар болғандықтан, оған қатысты тергеу кезінде "Келу туралы міндеттеме" бұлтартпау шарасы таңдалған. Зардап шегуші полиция қызметкері қызметін қалыпты режимде жалғастырды.


Көзі: yunews.kz