Денсаулық сақтау министрлігі медициналық жабдықтарды орнату бойынша мердігерлерді белгілемейді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық жабдықтарды орнату бойынша мердігерлерді белгілемейді

444

Smiley face

Әлеуметтік желілерде "Өркен-1" ЖШС-нің Ақтау қаласында салынып жатқан онкологиялық орталыққа жеткізілуі және орнатылуы тиіс медициналық жабдықтың (желілік үдеткіш және басқа) өндірушісі SIEMENS компаниясымен ешқандай әріптестік немесе шарттық қатынастары жоқ екені туралы ақпарат пайда болды. Бұдан басқа, ақпарат авторлары бұл мердігерде иондаушы сәулелену көздері бар медициналық жабдықтарды орнату үшін тиісті лицензиясының болуына күмән келтіреді.

Бұл ақпаратқа  ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жауап берді.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі келісім-шарттың тарабы бола алмайды, сондай-ақ медициналық техниканы жеткізу немесе орнату бойынша мердігерді немесе қосалқы мердігерді таңдамайды және айқындамайды. Бұл функциялар Маңғыстау облысы әкімдігінің құзырында. Тиісінше, тендерлер барлық кезеңдерде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуынсыз Маңғыстау облысының әкімдігімен өткізілді. Мердігерде ("Өркен-1" ЖШС) медициналық жабдықтарды жеткізуге және орнатуға тиісті лицензиясының болуы, сондай-ақ компанияның шарттық міндеттемелері туралы барлық мәліметтер әкімдіктерге шоғырландырылады. Құрылыс жобасы бойынша барлық тендерлер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуынсыз Маңғыстау облысының әкімдігімен жүргізілді", - деді Елжан Біртанов.

Ақтау қаласында онкологиялық орталықтың құрылысы 2009 жылы басталды. Екі жылдан кейін А, Б, В блоктары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары бесінші қабатқа дейін жүзеге асырылды, ал Г блогы бойынша - іргетастар мен монолитті темірбетон қабырғаларды шығару орындалды. 2012 жылы құрылыс тоқтатылды, өйткені жобасын түзету қажет болды. Нысан құрылысының бастапқы құны 2,22 млрд теңгені құрады. Нысан бойынша 2011 жылы 1,18 млрд теңге игерілді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін 2016 жылы конкурстық рәсімдер қайта өткізілді, сол кезде мердігер ауысты. Сонымен қатар жобаның құны 5 млрд теңгеге артты. Жоба жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылды (NCOC компаниясымен әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша міндеттемелер шеңберінде).

 "Нәтижесінде әкімдік құрылысты аяқтау үшін жобаны «МаңғыстауҚұрылысИнвест» ЖШС-ға берді,  ол мердігер ретінде "Өркен-1" ЖШС-ны, соның ішінде медтехниканы жеткізу бойынша қосалқы мердігер ретінде "Омнимед" ЖШС-ны таңдады. Құрылыс 2018 жылдың қараша айында жалғастырылды, және 2020 жылдың ақпан айында аяқталады", - деп толықтырды денсаулық сақтау министрі.


Көзі: yunews.kz