Қазақстанда 71% автожолдың жағдайы жақсы және қанағаттанарлық - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда 71% автожолдың жағдайы жақсы және қанағаттанарлық

444

Smiley face

Фото «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру қорытындылары туралы бүгін Үкімет отырысында баяндалды.  Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі автомобиль жолдарын дамыту болып табылады.

Қазіргі уақытта 3 мың шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдары салынып, реконструкцияланды.

Олар – Алматы – Қорғас учаскелері және Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық дәлізінің Қордай асуын айналып өту, сондай-ақ Нұр-Сұлтан – Қарағанды, Нұр-Сұлтан – Павлодар – Семей – Қалбатау, Алматы – Талдықорған, Көкшетау – Петропавл, Ақтау – Шетпе, Орал-Каменка, Бейнеу-Ақжігіт және т.б. учаскелер.

3,8 мың шақырымды аяқтау 2020 және 2021 жылдары көзделген.

Автожолдардың жергілікті желісіне ерекше назар аударылды. Ағымдағы жылы мұнда қаржыландыру көлемі 200 млрд теңгеден асты, бұл 4,6 мың шақырым  жолды жөндеуге және жақсы және қанағаттанарлық жолдардың деңгейін 71%-ға жеткізуге мүмкіндік берді.

Ақылы жолдарға келетін болсақ, қазіргі уақытта олардың ұзындығы 682 шақырым құрайды. Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас жолдары ақылы болып табылады. Ақылы автожолдардағы жыл сайынғы алымдар 4 млрд теңгеден астам қаражатты құрайды, бұл аталған жолдарды күтіп-ұстауға бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.


Көзі: yunews.kz