Түркістан облысында полиция қызметкерлері мал ұрлайтын қылмыстық топтың жолын кесті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістан облысында полиция қызметкерлері мал ұрлайтын қылмыстық топтың жолын кесті

444

Smiley face

 

Шымкент қаласының үш тұрғыны полиция бөлімшесіне мал жоғалғаны туралы арызданған, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құрады.  Аталған факті ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сонымен қатар, полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ордабасы ауданының басқа тұрғыны да жүгінді.

Жәбірленуші белгісіз себептермен еркін жайылымнан сиыры жоғалып кеткенін хабарлады. Ал үшінші арызданушы полиция қызметкерлеріне белгісіз тұлғалар үйінің ауласынан бұқа ұрлап кеткенін хабарлады.

Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды тексеріп, куәгерлерді сұрастырды. Нәтижесінде Ордабасы ПБ-нің жедел уәкілдері аудан аумағында мал ұрлығының үш фактісіне қатысы бар қылмыстық топты құрықтады.

Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, күдіктілердің бірі Шымкент қаласының тұрғыны, екіншісі жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктілер қараусыз қалған малдарды ауладан және жайылымнан ұрлап, ұрланған малды көлікпен алып кеткен. Одан кейін ұрланған малдар сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Күдіктілер қолхат арқылы босатылды, олар өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта аудандық полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.


Көзі: yunews.kz